ҚОЖАТОҒАЙДА ІРІ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласында терең өңдеуге, өнімдердің экспорттық әлеуетін көтеруге басымдық беріліп жатыр.

Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылдық округінде 50 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңы салынып жатыр.

Аталған жоба инвесторлар есебінен жүргізілуде және Түркістан облысындағы аустралиялық әдіс бойынша жүзеге асып жатқан ең ірі кешендердің біріне айналмақ. Нақтырақ айтсақ, Арыс қаласындағы «Turkestan Agro.kz» ЖШС базасында екі ірі кешен – жаңбырлатып суару әдісімен мал азығы дақылдардын өсіру мен ет бағытындағы мүйізді ірі қара өсірумен айналысатын шаруашылық-репродуктор құрылысы іске қосылуда. Құрылыс, бордақылау және жаю схемасы аустралиялық тәсілмен жасалады.

Бүгінгі таңда серіктестік аумағында жұмыстар қызу жүріп жатыр. Жобаны іске асырудың бірінші кезеңінде бордақылау алаңына 15 мың бас, биыл тағы 10 мың бас, ал 2026-2027 жылдары 25 мың бас сатып алынады деп жоспарланған. Сондай-ақ серіктестік бордақылау алаңы маңынан 4710 гектар алқапта суарудың жаңбырлату технологияларын қолдана отырып, малға арналған жем-шөп дақылдарын өсіруді жолға қоюда. Ол үшін әлемге әйгілі ауыл шаруашылығы техникасын шығарушы «John Deere» компаниясының өнімдерін сатып алуда. Бордақылау алаңында барлық жұмыс автоматты жүйеде жүзеге асырылады.

Жобаның жалпы құны 16,2 млрд теңгені құрайды, және де 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бүгінде 5 МВт электр желісі тартылды. «Түркістан» ӘКК» АҚ арқылы 2,5 млрд. теңге алынған. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 90 пайызға аяқталған.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар