26/11/2024

«Алтын белгіге» үміткер халықаралық олимпиада жеңімпаздары қорытынды емтиханнан босатылуы мүмкін

Биылғы оқу жылынан бастап жалпы білім беретін пәндер бойынша үздік оқушылар және соңғы үш жыл бойы халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы атанған «Алтын белгі» үміткерлері қажет болған жағдайда қорытынды емтихандардан босатылып, үздік белгісін алады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрілігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, Оқу-ағарту министрлігі «Алтын белгі» беру туралы қолданыстағы бұйрыққа өзгерістер енгізуге бастама жасауда. Оған сәйкес, биылғы оқу жылынан бастап жалпы білім беретін пәндер бойынша үздік оқушылар және соңғы үш жыл бойы халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы атанған «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлер қажет болған жағдайда қорытынды емтихандардан босатылып, үздік белгісін алады. 11-сынып түлектері халықаралық олимпиадаларға дайындалу үшін оқу-жаттығу жиындарына қатысқан жағдайда қорытынды аттестациядан босатылуы мүмкін.

«Бұған дейін «Алтын белгіге» үміткер халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары қорытынды аттестация кезінде жазғы оқу-жаттығу жиындарында болып, халықаралық олимпиадалар мен жарыстарға дайындалып, емтихан тапсыра алмаса, автоматты түрде «Алтын белгі» белгісінен айырылатын. Енді түлектер оны ала алады. Ол үшін «үздік» деген баға болуы керек. Қазір дарынды балаларды қолдау мақсатында жан-жақты жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл өзгеріс те балалардың мүддесі үшін қабылданды», — деп түсіндірді

Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова. Ведомствоның атап өтуінше, биыл президенттің тапсырмасымен халықаралық пәндік олимпиадалардың 27 жеңімпазы алғаш рет 76 млн теңгеден астам сыйақы алған. Сондай-ақ оқушылар жергілікті жоғары оқу орындарында оқуға грант алған. Алтын медаль алған оқушы 1 500 АЕК, күміс медаль 1 000 АЕК, қола медаль 500 АЕК көлемінде сыйақы алады. Оқушыларды олимпиадаға дайындаған тәлімгер ұстаздар да бір реттік сыйақыға ие болған.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар