26/11/2024

АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Мереке қарсаңында мәслихат депутаттары Ұлы Отан соғысының ардагерлері М.Төлепбергенұлы мен Н.Масунованың шаңырағында болып, мейраммен құттықтады.

 

Ардагерлерімізбен сұхбаттасып,  ақ тілектерін білдіріп, қос ардагерге шапан жауып, лайықты сый-құрмет жасады. Майдангер қарттар өз кезегінде батасын беріп, бейбіт күніміз, берекелі тыныштығымыз мәңгі болсын деген тілегін айтты. Ардагерлер ауласын театр әртістері майданда жауынгерлерге рух берген әндерді орындап, естелікке толтырды.

 

– Ардагерлердің зұлмат соғыс жылдарындағы Отан қорғаудағы ерліктері, ұрыстан кейін қираған халық шаруашылығын қалпына келтіруге  қосқан зор үлестері мәңгілік есімізде сақталады. Азаттық жолындағы қаһармандығы мен батылдығы өскелең ұрпаққа үлгі, зор мақтаныш,– деді Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов.

 

Ардагерлер мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлыққа ризашылықтарын білдіріп, батасын берді. Аспанымыз ашық болып, елімізді одан әрі өркендетуге ақ жол тіледі.

 

NARKESKEN.KZ

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар