26/11/2024

АУРУДЫҢ ЕМІН ІЗДЕГЕНШЕ, АУЫРМАЙТЫН ЖОЛ ІЗДЕЙІК

Жаз айларында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтыру қауіпі жоғары. Сондықтан сақтық шараларын жасаған абзал.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (синонимі: Конго-Қырым-Хазер геморрагиялық қызбасы, крымск-конголезски қызбасы, ортаазиялық геморрагиялық қызбасы, карахалак; Crimean-Congo hemorrhagic fever, Crimean hemorrhagic fever — англ.) – жедел вирусты ауру, табиғи ошақты зооноздыға қатысты.

Екі толқынды қызбаны мінездейді, жалпы интоксикациямен және тромбогеморрагиялық синдроммен жүреді. Конго-Қырым ауруын алғаш рет рессей дәрігерлері 1944 жылы тапқан, кейін бұл ауру Конгода, Нигерияда, Сенегалда, Кенияда смпатталған.

 

ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ

 

Вирустың резервуары болып майда жабайы құрт құмырсқалар жатады: орман тышқаны, кішкентай сарышұнақ, русак-қояны, құлақты кірпі. Кене тасмалдаушы және сақтаушы болып табылады, Hyalomma туыстастығынан шыққан. Ауру көбінесе маусымдық мезілдерге байланысты, әсіресе мамыр және тамыз айларында көп кездеседі (биздің елде көбінесе). Ауру көбінес Крымда байқалады, Астраханскта, Ростовск ауданында, Краснодарда және Ставропольскте және Орталық Азияда, Қытайда, Болгарияда, Югославияда, көбінесе Африка елінің Сахараның оңтүстігінде байқалады (Конго, Кения, Уганда, Нигерия және т.б.). Көбінесе ауру адамдардың 80%нің жастары 20 пен 60 жас аралығында шалдығады.

 

ПАТОГЕНЕЗІ

 

Инфекция көзі болып көбінесе кененің шаққан жері яғни тері немесе майда жарақаттар кезінде ауру адаммен қарым қатынас кезінде қан арқылы беріледі (аурухана ішілік жұқтыру ). Инфекциямен зақымдлған жерде ешқандай өзгерістер байқалмайды. Вирус қанға өтеді және ретикулоэндотелиальды жүйенің клеткаларында жинақталады.Екіншілк зақымдалу кезінде айқын массивті вирустармен жалпылама интокцикация белгілері байқалады,қантамырлардың эндотелилері зақымдалады және айқын әртүрлі дәрежедегі тромбогеморрагиялық синдром байқалады.

 

НАУҚАС АДАМНЫҢ КӨЗІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕР

 

Конго -Қырым геморрагиялық қызбасының асқынулары — сепсис, өкпенің ісінуі, ошақты пневмония, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, отит, тромбофлебит пайда болуы мумкін.

 

КОНГО -ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ АҒЫМЫ

 

 Инкубационды кезеңнің ұзақтығы 1 және 14 күн аралығында (жиі 2-7 күн). Продромальды көріністер болмайды. Ауру байқаусызда басталуы мумкін,ауру деп аурудың басталған бастапқы алғашқы сағаттарынан басталаған айтуға болады. Дене температурасы тез көтеріледі және кей кезде аурудың жеңіл түріндеде дене температурасы 39-40°С барады. Бастапқы кезеңдерінің өзіндеде жалпылама интоксикация белгілерін көруге болады, көптеген инфекциялық ауруларда болуы мумкін.

 Бастапқы кезінің өзі 3-4 күнге созылуы мумкін ( 1 мен 7 күн).Бұл кезде өте жоғарғы қызбамен жіне қатты әлсіздікпен көрінеді, қақсаушылық дененің, бастың ауруымен, бүкіл дененің қақсап ауруы, қатты бастың ауруы, бұлшық еттердің және суставтардың ауруы байқалады.

 

ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

 

 — кене ауруларының алдын алудың ең жақсы жолы – кене шағуының алдын алу.

 — алаңды өңдегеннен кейін ғана лагерь құру керек, шөпке отыруға немесе жатуға болмайды.

 — саябаққа немесе саяжайға барған кезде жабық киім киген жөн, шалбар етікке тығылған болуы керек және міндетті түрде өзіңізбен бірге бас киімді алыңыз, шашыңызды бас киімнің немесе орамалдың астына жинаңыз.

 — арнайы аэрозоль және спрей репелленттерін пайдаланыңыз, оларды үш сағат сайын қайталап жағып тұру керек.

 — орман аймағында, шөпті өсімдіктері бар жерлерде жүрген кезде әр 10-15 минут сайын өзара және өзін-өзі тексеруді, үстіңгі тексеруді жүргізу керек.

 — ашық демалыстан қайтып, киімдерін шешкеннен кейін денені, шаш пен киімді кенелердің, әсіресе бас терісін, қолтық асты, құлақтың артындағы жерлерін жабысып қалатын кенелердің бар-жоғын мұқият тексеріңіз. Киімді желдетіңіз, бөлмеге бірден гүлдерді, бұтақтарды, аңшылық олжаларды әкелмеңіз.

 — бекітілген және жабысқан кенелерді анықтау және жою үшін үй иттерін және басқа үй жануарларын тексеріңіз.

Есіңізде болсын! Кене шағуы аса қауіпті инфекцияның – Қырым геморрагиялық қызбасының даму мүмкін. Оған қоса, табиғи ошақтардағы кенелер кене энцефалитінің қоздырғыштарын тасымалдауы ықтимал.

Кенеден қорғану ережелерін сақтау және дереу медициналық көмекке жүгіну сіздің өміріңізді сақтайды.

 

К.МАМЕТОВА,

«Шымкент қалалық перзентхана» МКК-нің терапевтдәрігері

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар