Бүгінгі таңда елімізде ауылдардағы мобильді интернеттің сапасы арттыруға аса көңіл бөлінуде. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы жүргізген зерттеудің қорытындысына сәйкес 2021 жылы еліміздегі елді мекендердің мобильді интернетпен қамтылуы 90,6%-ға дейін өскен.
Осы бағытта Төлеби ауданында да Kcell, Beeline мобильді интернет операторларымен келісім-шарт жасалып, тиісті жоспар-кесте бекітілген. Атап айтар болсақ, 2022 жылы Алатау, Екпінді, Қайнар, Бейнеткеш, Зертас, Жаңакүш, Сарқырама, Абай, Қаратөбе, Алтынбастау, Жіңішке, Қаратөбе, Ханарық елді-мекендеріне жаңадан базалық мачталық антенна қою жоспарлануда. Сондай-ақ Майбұлақ, Қасқасу, Диханкөл, Ұзынарық елді мекендерінде жаңғырту жұмыстары жасалады.