26/11/2024

«Бақытты отбасы» кімді бақытты ете алады?

Әкімдіктің баспана кезегінде тұрғандар қатыса алатын тағы бір бағдарлама – «Бақытты отбасы». Бірақ, оған тек үш санатқа кіретін азаматтар ғана (көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар) құжат тапсыра алады.
Ипотека 2%-бен ресімделеді.
Ең төменгі бастапқы жарна – 10%.
Несие 18 жылға дейін беріледі.
Бірақ, қарыз сомасы бойынша шектеулер бар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау мен Атыраудан алынатын ең қымбат баспана құны 15 миллион теңге болса, еліміздің басқа  аймақтарында пәтердің ең жоғары бағасы – 10 миллион теңге.
Осы қаржыға жаңадан салынған үйден де, ескі үйден де пәтер сатып алуға болады. Жеке тұрғын үй ресімдеу мүмкіндігі қарастырылған.
Екі пайыздық ипотека тек мұқтаж адамдарға беріледі. Сондықтан табысқа қатысты талап бар. Оған сәйкес, соңғы алты айда әрбір отбасы мүшесінің бір айлық табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің (36 018 теңге) 3,1 еселенген шамасынан аспауға тиіс, яғни әрбір мүшесіне келетін табыс 111 655,80 теңгегеден артық болмауы шарт. Ал, отбасыда алты адам болса, бір айлық табыстың мөлшері 663 934 теңгеден асып кетпеуі керек.
Narkesken.kz

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар