«Түркістан облысының Сауран ауданында қазақша күрестен «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне облыстық іріктеу кезеңі өтті. Турнирге өңірдің 13 ауданынан 25 балуан қатысты» деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап Narkesken.kz..
Турнирдің ашылу рәсіміне облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев, Сауран ауданы әкімінің орынбасары Ербол Жанғазиев, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Жарылқасынов қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Күрес қорытындысы бойынша түркістандық Бейбарыс Әбдіғани — «Түркістан барысы» турнирінің жеңімпазы атанды.
Жүлделі 2-орынды Шардара ауданынан келген Қайсар Шамшидинов жеңіп алса, ал 3-орынға саурандық Еркеғали Қуандық табан тіреді. Көрермен көзайымына отырарлық Асқар Төреқұлов лайық деп танылды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы тағайындалған алғыс хаттармен және медальдармен марапатталды. Финалға шыққан қос балуан «Қазақстан барысы» турниріне жолдама алды.
NARKESKEN.KZ