Біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты және жеке есептеледі.
ҚР Әлеуметтік кодексінің 224-бабына (4-тармақ) сәйкес міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндігін мыналар пайдалана алады: жинақтары ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын салымшылар (олар жасына сәйкес ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинақтарды пайдалана алады), зейнетақы мөлшері жоғалған табыстың кемінде 40% мөлшерін құрайтын зейнеткерлер (өз жинақтарының 50%-на дейін пайдалана алады), еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар, сондай-ақ, , зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан салымшылар (өз жинақтарының 100%- на дейін пайдалана алады).