Мемлекеттік не азаматтық қызметте жоқ отбасылы жастарға «Жас отбасы» бағдарламасымен баспана алуға мүмкіндік бар.
Олар «Отбасы банкінен» депозит ашып, кем дегенде бір жыл ақша жинаулары қажет. Есепшотта үйге жұмсалатын қаржының жартысы болуы шарт. Ал, бағалау көрсеткіші 5 ұпайдан кем түспеуі керек. Ерлі-зайыптылардың жасына шектеу қойылмайды.
Бағдарламаның негізгі шарттары:
Несие мөлшерлемесі – 6% (2 жылдан кейін 5%-е түседі);
Ипотеканың ең жоғары сомасы – 100 миллион теңге;
Несие мерзімі – 6-9 жыл аралығында.
Сатып алынатын үй кепілзатқа қойылады. Несиеге жаңа не қолданыстағы пәтерді, я болмаса, жер үй салуға болады. Жөндеу жұмыстарына пайдалануға да мүмкіндік беріледі.