26/11/2024

КӨКТЕМДЕГІ КЕЗДЕСУДІ ШЫМКЕНТТЕ ӨТКІЗДІ

Шымкенттің кешін «Жаңа леп» ұжымы бір сәтке махаббатқа, үмітке бөледі. Кеше Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық Академиялық қазақ драма театрында «КӨКТЕМДЕГІ КЕЗДЕСУ» музыкалық-поэтикалық қойылымының премьерасы өтті. 2 сағатқа созылған қойылым мөлдір сағынышты, кейде аяулы, кейде баянсыз махаббатты, асқақтықты, нәзіктікті, іңкәр сезімдерді, жүрек қағысын суреттей білді.

Бұл композициялық қойылымда Есенғали Раушанов, Меңдекеш Сатыбалдиев, Күләш Ахметова, Бауыржан Үсенов, сонымен қатар, қазіргі уақыттағы ақындардың өлеңдері оқылып, көрерменді нәзік үмітке жетеледі. Мәдени ортада жаңадан тәй-тәй басып келе жатқан ұжым жанды дауыста ән шырқап, көрермен залында халыққа етене жақын жүріп өлеңдерін оқыды.

Қазақ әнінің алтын ғасырын жасаған композиторлар мен бүгінгі жас композиторлардың әндерді байланыстыған, әуезді де әдемі поэтикалық кештің көркемдік жетекшісі Сержан Молдасанұлы, қоюшы режиссері Фархад Молдағали. Поэтикалық кеш бұған дейін Түркістан қаласында өткен. Алдағы уаққытта өзге қалаларды аралау да жоспарланып отыр.

NARKESKEN.KZ

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар