26/11/2024

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» серіктестігінің жұмысшылары Президентке үндеу жолдады

Энергокомбинат жұмысшылары әлеуметтік жағдайларын жақсартуға көмектесуді және «Ынтымақ» кәсіподақ ұйымының қызметін қолдауды сұрады.

Олардың айтуынша, кәсіподақ мүшелеріне құзырлы органдар мен кәсіпорын басшылығы тарапынан қысым көбейген. Өйткені жалақыны көбейту, штат кестесін өзгертуді талап етіп наразылыққа шыққандар қыспаққа ұшыраған.

«Біздің кәсіпорында басшылардың өз туыстарын жұмысқа орналастыру жағдайы белең алып барады. Соның салдарынан тәжірибелі қызметкерлер басқа жерге ауысуға мәжбүр. МАЭК — ерекше, қайталанбас әдістермен жұмыс істейтін мекеме. Білікті мамандардың азаюы кәсіпорын жұмысын күйретеді. Күрделі технологияны аз уақытта игеріп кету қиын», — дейді жұмысшылар.

Narkesken.kz

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар