26/11/2024

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА МЕКТЕП БІТІРГЕН ТҮЛЕКТЕР КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙҒА ТАРТТЫ

Ордабасы ауданы, Бадамда мектепті 20 жыл бұрын бітірген түлектер көпбалалы отбасыға үй сыйлады. Түркістан облысы, Ордабасы ауданының мектеп бітірген түлектері жыл сайын мұқтаж отбасыға баспана сыйлайды. Бұл дәстүрдің бастау алғанына бірнеше жыл болды. Бадам ауылының 84 жылғы түлектері биыл мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай 8 баланың әкесі, ұл-қыз тәрбиелеп отырған отбасыға баспананы сыйға тартты. Құрылыс жұмыстарын өздері жүргізіп, зәулім, заманауи үйдің қабырғасын жиһазбен толтырып, салтанатты түрде табысталды.
-Біздің жағдайымызды біліп, елеп — ескеріп осы игі істі ұйымдастырып отырған азаматтарға, яғни түлектерге үлкен рахмет. Қатты қуанып отырмын, сіздерге мың алғыс-деген қуанышын жасыра алмаған жаңа үйдің иесі көзіне жас алды.
Тұрғынның қоныс тойына ауданның мешіт жамағаты, ардагерлер төрағасы, зиялы қауым өкілдері, аудан имамы және көршілері игі тілектерін айтып, батасын берді.
Бадам ауылында орналасқан үй коммуналдық қызметтерге түгелдей қосылған. Отбасының бау-бақша өсіруге арналған жері және қосалқы шаруашылықты дамытуға мүмкіндігі бар.
Жастарға үлгі тұтарлық, игі істердің осы үрдісте жалғасын табатын болады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар