26/11/2024

ОСК: Мәжіліс мандатының 30 пайызы әйелдер, жастар және мүгедек жандарға берілуі тиіс

Мәжіліс мандатының 30 пайызы әйелдер, жастар және мүгедек жандарға берілуі тиіс. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтың сөзінше осы 3 санат «Сайлау туралы» заңда қарастырылған. Соңғысы, яғни мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты квота биыл бірінші рет қолданылады. Саяси партия жетекшілері осы талапты бұлжытпай орындауы тиіс.

«Бұл норма депутаттық мандатты бөлу кезінде де қолданылады. Санаттағы өкілдердің  әйелдердің, жастардың, мүгедек адамдардың саны жиынтығы бойынша партия алған депутаттық мандаттардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс. Саяси партиялар өкілдерінің назарын тиісті сайлау рәсімдерін жүргізу барысында сайлау заңнамасының осы нормаларын да қатаң сақталуына назар аудартамын», деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар