«Отбасы банкі» салымшыларының депозиттеріне өтемақы 2023 жылғы 23 ақпаннан кейін депо есептеледі сыйақы төлеуге тиісті ақша банкке түскен сәттен бастап төленеді бастап 2 жұмыс күні ішінде төленеді. Бүгінгі күні банк өз клиенттерінен 116 млрд теңгеге 914 526 өтінімді қабылдады.
Сонымен қатар, банктегі депозиттердің бірі бойынша максималды жинақтау сомасы 52,9 млн. теңгені құрайды. Ереже бойынша, 10% мөлшеріндегі өтемақы 20 миллион теңгеден аспайтын депозит сомасынан төленеді. 2022 жылғы 23 ақпандағы жағдай бойынша банкте 20 млн теңгеден және одан жоғары жинақ сомасымен 3080 депозит болды.
Өтемақы туралы нақты ақпарат алу үшін Quanysh чат-ботына хабарласуға болады. Қазірдің өзінде «Отбасы Банкінің» 1,5 млн. аса клиенті тәулік бойы осы виртуалды кеңесшінің қызметін ала алады. Қазір ол салымшылардан WhatsApp, Telegram мессенджері немесе Otbasy bank мобильді қосымшасына келіп түсетін барлық сауалдардың 85%-ын өзі өңдейді.
Quanysh чат-боты — бұл банктік қолдау қызметіне хабарласудың балама жолы. Ол әр күні 5 мыңнан астам тұтынушының хабарламасын сәтті өңдейді. Автоматтандырылған цифрлы көмекшіге +7 705 925 13 01 нөмірін алдын-ала қоса отырып, тәулік бойы сауал жалдауға болады. Quanysh-боты байланыс орталығы операторларының қолдауымен қызмет көрсетеді. Егер бот белгілі бір мәселелерге көмектесе алмаса, ол диалог жасау үшін банк қызметкеріне қосып береді. Операторлар тұтынушылармен жұмыс аптасы бойы 9:00-ден 20:00-ге дейін байланыста болады, қалған уақытта арнаға чат-бот қызмет көрсетеді.
Қазір «Отбасы банкінде» қызметтердің 80 пайызы қашықтағы арналар арқылы көрсетіледі. Былтыр солардың көмегімен клиенттер 3,2 млн транзакция жасады. Қазақстандықтар пайдаланатын ең әйгілі онлайн қызметтердің бірі – бұл «Отбасы банкінде» депозит ашу, біржолғы зейнетақы жарнасын аударуға арналған арнайы шот, несиені ішінара өтеу, деректемелерді өзгерту, салымды толтыру және несиені өтеу.
Narkesken.kz