Сарыағаш ауданы бойынша өткен жылы 42 елді мекен табиғи газбен қамтылған болса, биыл бұл көрсеткіш 49 елді мекенге ұлғайып отыр. Яғни, аудан аумағындағы елді мекендердің газдандыру көрсеткіші 76,5 пайызға жетті.
Былтыр Таскескен елді мекенінде орналасқан «Таскескен» автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылып, 5 елді мекен (Тегісшіл, Таскескен, Таскескен-2, Мәдениет, Жылысу) табиғи газға қосылған болатын. Ал биыл 7 елді мекенге (Жаңаталап, Алғабас, Ақ үй, Дастан, Құркелес, Дарбаза, Шымырбай) табиғи газ берілді.
Алдағы уақытта шалғайда орналасқан елді мекен тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында Әлімтау ауылдық округі аумағында 5 елді мекенді (Көктал, Тасқұдық, Әлімтау, Жайдаққұдық, Қызыласу елді мекендерін) табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін АГТС құрылысы үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Жоба аяқталып, құрылыс жұмыстары жүргізілгеннен соң қосымша 2748 тұрғын табиғи газбен қамтылады.
Narkesken.kz