26/11/2024

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖІГІТТЕРГЕ ҚАРСЫЛАС ШАҚ КЕЛМЕДІ

Ақтөбеде аударыспақтан ересектер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Ат үстіндегі балуандар 9 салмақ бойынша белдесті. Білекті де, жүректі жігіттердің додадасына елімізден іріктелген балуандар қатысып, өзара мықтыларын анықтады. Түркістан облысының білекті жігіттері тағы да өздерінің мығым екендерін дәлелдеді.
Түркістандық спортшылар 5 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль олжалап, абыройды аспандатты. Атап айтсақ, 57 келіде Ермек Құралбай, 68 келіде Алмат Ләтіпбек, 87 келіде Есімхан Рахматіллә, 100 келіде Сырым Ізбасаров және +100 келіде Біржан Қосалиев сынды Түркістан өрендері чемпион атанды. 80 келіде бақ сынаған Ғабит Ағабек күміс жүлдегер атанса, 94 келіде Түймебек Жұмалиев қола медальға ие болды.
Жерлестеріміз ұлттық құрама сапында халықаралық сайыстарда ел намысын қорғайды.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар