26/11/2024

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІРІНШІ КӨПСАЛАЛЫ IT МЕКТЕП АШЫЛДЫ

«Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес облыс орталығында арнайы IT Hub ашылды. Облыстағы бірінші көпсалалы IT мектебі жоғары білікті мамандарды дайындауға бағытталған. Turkistan Hub ғимаратында орналасқан жаңа білім ұясының жұмысымен танысқан облыс әкімі Дархан Сатыбалды IT саласындағы өңірдің үздік жастарымен кездесті. Замануи Dosti IT School мектебінде 20-дан астам бағытта курстар бар» деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Narkesken.kz.
Жаңа білім ошағында IT саласы бойынша халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары, цифрлық саланың майталмандары жаттықтырады. Онда бір уақытта 80-нен астам баланы оқытуға мүмкіндігі бар.
Мектеп заманауи құрал-жабдықтармен және робототехника кабинеттерімен жабдықталған. Оқушылар үшін балаларда цифрлы білім мен дағдыларды дамытуға бағытталған арнайы білім беру бағдарламалары әзірленген. Облыс әкімі IT саласын жетік меңгеруді ауыл мектептерінде кеңінен таратуды атап өтті.
— Елімізде білім саласындағы цифрландыруға көп көңіл бөліп отыр. Аталған салада кәсіби мамандарға деген сұраныс өте жоғары. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жоғары білікті IT маман даяурлау міндетін қойғаны белгілі. Осы бағыттағы жұмыстар тоқтамайды. Біз балаларды цифрландыруға үйретуді қолдауымыз керек. Ол үшін ІТ мектептерді кеңінен ашуды қолға алуымыз керек,-деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
ІТ мектептердің ерекшелігі – ІТ технологиялар саласындағы мамандану, ерте профильдеу, робототехника мен бағдарламалауды тереңдетіп оқыту, 5D модельдеу. Жыл сайын IT мектептердің саны арта береді. Инвесторлар қосымша тағы екі мектеп ашуды жоспарлауда.
Мектепте 10 жастан бастап білім алуға болады. Оқушылар әлемдік деңдейгегі компаниялар пайдаланатын С++ және Python бағдарламаларымен жұмыс істеп үйренеді. Кәсіптік бағдарламалау курстары микроконтроллер платформаларын басқаратын жүйелер үшін бағдарламалық жасақтама жасауды үйретуге арналған. Сондай-ақ Google компаниясының Android операциялық жүйесі негізінде планетадағы мобильді құрылғылардың 88% және әлемдегі барлық телефондардың шамамен 70% жұмыс істейді Android бағдарламалау курстарын үйренеді. Және мектепте робототехника мен Blender 3D модельдеу курстары ашылған. NGT Lab лабораториясында жұмыс орнында зертханалық немесе практикалық сабақтар өткізуге арналған.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға көрме залында мехатроника өнімдері, яғни программалау, электроника, механика, электрика және пневматика өнімдері таныстырылды. Көрмеде өндірістік робототехника бойыша әзірленген жабдықтар мен құрылғылар, жасанды интеллектте жұмыс жасайтын роботтар, автоматтандыру және басқару стендтері, оң жақ орта бөлікте роботты автомобильдер мен қарапайым роботтар жүретін арнайы полигон қойылған. Сонымен қатар «Сергек» камералары мен жаңадан құрылған IoT датчигі макеті мен ҚР өңірлерде орнатылған камералар санын корсететін ҚР интерактивті картасы көрсетілді.
Облыс әкімі Түркістан облысының 109 бірыңғай байланыс орталығының жұмысымен танысты. Мұнда облыс көлемінде халықтан келіп түскен өтінімдерді қабылдап, кеңес беру, мәселелерді шешу бойынша жұмыстар жүргізеді.
Сондай-ақ облыс әкімін «Tel Service» компаниясының жұмысымен таныстырды. Компания арнайы спутникті тарелка қою арқылы техникалық мүмкіндігі жоқ ауылды елді мекендерге «КазСат 3» спутнигі арқылы 10 мбит/с жылдамдықтағы интернетке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар