ТҮРКІСТАНҒА МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ РУХАНИ-МӘДЕНИ КЕРУЕНІ КЕЛДІ
Тұран даласы Түркістан блыс орталығында Мақтаарал ауданы мәдени күндері бастау алды. Аудан өнерпаздарының «Ақ алтынды Мақтааралдан – қасиетті Түркістанға сәлем!» атты шарасында «Мырза өлкем-Мақтаарал» қолөнер шеберлері мен суретшілердің және ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі бар.
🔹️ Алдымен «Мақтааралдың мақтаныштары» көңілді тапқырлар клубының өнер көрсетіп, көрерменге жарқын әзілдерімен күлкі сыйлады және қауын жеу бойынша ойын ойнатты. Содан соң Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, жауапты бөлім басшылары, ауданның зиялы қауым өкілдері мен өнер майталмандары, өнерпаздар бастаған рухани-мәдени керуен көші келді. Салтанатты шараны Алтын Күнтуқызы ашып беріп, құттықтау сөз сөйледі. Әрі қарай «Ақ алтынды Мақтааралдан-қасиетті Түркістанға сәлем!» атты гала концертіне ұласты. Жас шекарашылар өз өнерін паш етсе, өнерпаздар әсем әндер шырқап, мың бұрала биледі. Шара соңында мерекелік отшашу атылып, ауданның ауылшаруашылық өнімдері тұрғындарға тегін тарқатылды.