Түркістан облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев мәлімдеуінше, Түркістан қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Сергек» жобасы 2022 жылдың наурыз айынан бастап іске қосылды. Облыс орталығында қазіргі таңда 200 «Сергек» бейнебақылау камерасы мен 200 штатты бейнебақылау камерасы бар.
— Бейнебақылау камералары арқылы құқықбұзушылықтарды анықтау жұмыстары күшейді. Сонымен қатар, жол ережелері, көгалдандыруды бүлдіру, қоқыс тастау, қоршаған ортаны ластаудың алдын алуды күшейту мақсатында «Цифрлық даму орталығы» қызметкерлері камераларға бақылау жүргізу үшін облыстық Полиция департаменті мен облыстық экология департаментімен меморандум түзілген, дейді басқарма басшысы.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.