26/11/2024

ШЕКАРАШЫЛАР – ОТАННЫҢ БЕРІК ҚАЛҚАНЫ

     Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекарашылар күні мерекесі қарсаңында мерекелік жиын өтті. Мерекелік жиынға аудан әкімі Мұхит Отаршиев арнайы қатысып, шекара шебіндегі сарбаздарды мерекелерімен құттықтады.
— Еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ұлан-ғайыр мемлекеттік шекарамызды қорғауда Сіздердің қажымай-талмай шекара күзетіндегі сіңірген еңбектеріңіз ерліктің үлгісімен пара-пар. Сіздердің қиын да абыройлы, жауапкершілігі мол істеріңізге табыс, мықты денсаулық, қажымас қайрат тілеймін. Шаңырақтарыңыздан шаттық үзілмей, бейбіт елімізде мәңгілік тыныштық болсын. Мерекелеріңіз құтты болсын, шекара шебінің сарбаздары!-деп аудан басшысы ізгі тілегін жеткізіп, «Алғыс хаттар» табыстады.
Сонымен қатар, жиын барысында Түркістан облысы ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Жумабеков және аудандық шекара басқармасының бастығы подполковник Т.Медетов құттықтау сөз алып, шекара шебіндегі сарбаздарды мерекелерімен құттықтап, шекара қызметіне айрықша үлес қосқан үздік сарбаздарды төс белгілермен марапаттады.
Аталмыш іс-шара аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының және шекара шебіндегі «Әншілер» тобының концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, өнерпаздар жиналған көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар