Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан қаланың жасыл белдеу көлемін ұлғайту жоспарға енген.
“Жасыл белдеу» КММ-сінің қызметкерлерімен қаланың шеткі аумағындағы 134 га жерге 111 622 түп ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары басталды.
Қазіргі таңда бұл аумаққа қарағаш көшеттері отырғызылып, 2 түрлі 5 трактор, УАЗ және ГазЕЛЬ техникалары, сонымен қатар жалпы саны 50 жұмысшы жұмылдырылды.
Ал қаланың ішкі аумағына — Тұран мөлтек ауданы , Шымсити қалашығы мен Жаңа құрылыс көшелері бойына жоспардағы 100 000 ға жуық ағаш көшеттері отырғызылуда; Оның 14 000-ы емен, 25 000-ы ясень, 20 000-ы үйеңкі, 5 000-ы талшын, 25 000-ы катальпа ағаш көшеттері. Жоспарға сәйкес аталған ағаш түрлерінің қазіргі таңда 10 000 ға жуық данасы отырғызылды.