«Шымкентте 8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай көпбалалы аналарға бір реттік қаржылай көмек беріледі» деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
«Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілері иегерлеріне жыл сайын бір реттік әлеуметтік төлем қалалық мәслихат шешімімен 2019 жылдан бері жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан төленіп келеді.
Қазір үшінші мегаполисте 64 134 көпбалалы ана бар, оның ішінде 12 608-і — «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері. Жергілікті бюджеттен бір реттік төлем аталған санаттағы аналарға 5 АЕК мөлшерінде, яғни 18 460 теңгеден төленеді.