Шаһардың бас жоспарын әзірлеуге ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы 2021 жылдың 15 шілде күні Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары (тапсырысшы ретінде) басқармалары мен «Градкомплекс» ЖШС арасында келісім-шарт түзілген болатын.
Үшінші мегаполистің жаңа бас жоспары 2023 жылдың көктем маусымында толық дайын болады деп жоспарлануда. 116 280 гектар аумаққа топографиялық карта жасалып, 25 қабатты векторлық форматқа түсірілді. Жоспарда үйлер, жол желісі, абаттандыру, инженерлік инфрақұрылым және тағы басқа да көптеген салалар қамтылған.
Осыған орай, ағымдағы жылдың желтоқсан айының 1-12 аралығында шаһардың бас жоспары жобасы бойынша қайта қоғамдық талқылау өтіп жатқанын хабарлаймыз.
Сонымен қатар, қоғамдық талқылау өтетіні туралы хабарлама «Панорама Шымкента» және «Шымкент келбеті» газеттерінде, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтына және Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының инстаграм парақшасынажәне Otyrar TV телеарнасы, OpenShymkent ақпараттық агентігінде жарияланды.
Қоғамдық талқылау барысында күнделікті сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін және сағат 14:00-ден 17:00-ге дейін (демалыс және мереке күндерін қоспағанда) экспозициялар мен көрмелер, қоғамдық талқылау тақырыбы бойынша кеңестер өткізіліп, ұсыныстар мен ескертулер қабылданатын болады.
“Қоғамдық талқылау” өтетін орын: Шымкент қаласы, Абай ауданы, Желтоқсан көшесі 9/4, 2 қабат.
Айта кетейік, бұған дейін жаңа бас жоспардың жобасы көпшілікке таныстырылып, алғаш рет 1 айдан астам уақыт қоғамдық талқылаулар өткізілген болатын. Қоғамдық талқылауға 2000-нан астам тұрғын қатысып, 149 ұсыныс білдірген.