26/11/2024

ШЫМКЕНТ: 2024 ЖЫЛДЫҢ ЕКІНШІ ҮШЕМІ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Шымкентте  №2 ауруханаға қарасты перзентханада 2024 жылдың екінші үшемі дүниеге келді. Үшемдердің үшеуі де — ұл.  Ата-аналары  оларға Атамбай, Мұса, Муслим деп ат  берді. Дәрігерлер бүгін ана мен сәбилерді ауруханадан шығарып салды. Балалардың да, ананың да жағдайы жақсы. 
31 жастағы Наргиза Әшірметованы дәрігерлер 2 ақпанда кесарь тілігі арқылы босандырып алған.
Бұлжас ананың төртінші рет құрсақ көтеруі. Үшемге жүкті екенін жас ана жүктілігінің алғашқы аптасында білген. Айы-күні толмай 33 аптада туылған сәбилердің өкпесі жетілмегендіктен, бір ай бойы жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Бақылауда болған нәрестелер осы уақытта 2 келіден аса салмақ қосқан.
Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 4911 сәби дүниеге келген. Оның 2493-і — ұл болса, 2418-і — қыз. Егіздердің саны 50-ге жетіп, екі үшем туылған.
NARKESKEN.KZ

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар