26/11/2024

Қазақстанда босанғанға дейінгі жәрдемақыны алу мерзімі қысқарады

Бұрын 15 күнде тағайындалатын төлем, енді 1 сағатта жүзеге асырылады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

Оның айтуынша, жүкті әйелдердің көпшілігі қайда кеңес алу керектігін, қалай тіркеліп, босанғанға дейінгі төлемдерді алу керектігін түсінбейді.

«Сондықтан туу туралы куәлік алып, жәрдемақыны автоматтандыру ғана емес, басқа да процестер бар. Мысалы, босанғанға дейінгі төлемдерді алу үшін 15 күн қажет. Биыл мұны бір сағатқа дейін қысқартамыз» – деді министр.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар