26/11/2024

ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ФЕСТИВАЛІ ӨТУДЕ

Қазақтың мызғымас дәстүрін, салтын тереңнен насихаттап жүрген бірден бір орталық ол бізде, яғни Шымкенттің шырайына айналған Салт-дәстүр Орталығында  ұйымдастырылды.
Бүгін орталықта дүбірлі фестиваль өтуде, анау-мынау емес, қазақтың нағыз қолөнері, апаларымыз белі қайысып, саусақтары майысып тоқыған, әр шаңырақтың төрінен табылған АЛТЫНҒА БЕРГІСІЗ АЛАША САЙЫСЫ. Қазақстаннан түпкір түпкірінен сен тұр, мен атайындар сайыспақ. Қолы алтын, бейнеті ауыр шеберлер бақ сынайды.
Сонымкен қатар, Фестивальде қолөнер бұйымдарынан түрлі ұлттық нақыштағы кәдесый, алаша, басқұрдың көне үлгілері, бүгінгі замани өнімдерден құрылған көрме жасақталды.
Фестиваль 2 күнге жалғаспақ.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар