26/11/2024

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ЖОБАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ ТӘСІЛІ ЕНГІЗІЛЕДІ

Мемлекет басшысы «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты жолдауында жерді тиімді игеру және алаяқтық мәселелеріне ерекше назар аударып, бірқатар нақты тапсырмалар берді. Осыған орай, қала прокуратурасы жобалық менеджмент тәсілімен жаңа жобаны іске асырмақ. Аталған жоба жерді өз бетінше иеленуге жол бермеу, алаяқтықтың алдын алу және сотталғандарды әлеуметтендіру мәселелері бағытында енгізіледі.
Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды.
Қазіргі таңда мегаполис аумағында орын алған құқық бұзушылықтарға қарсы алдын алу шаралары тиімді жүргізілуде. Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов құқық қорғау органы өкілдеріне бұл бағыттардағы жұмыстарды қайта пысықтап, жаңа тәсілдерді енгізу қажеттігін айтып өтті.
— Көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығын ескере отырып, қала аумағында орын алған құқық бұзушылықтарды саралап, онымен күресу баршамыздың басты мақсатымыз. Әкімдік бұл жаңа жобаның іске асуына қолдау білдіре отырып, аталған жоба құқық бұзушылықтың алдын алуда мол септігін тигізеді деп сенемін”,-деді М.Дүйсенбекұлы.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар