ҚҰРЫЛЫС ТАЛАПТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Бүгінде Шымкент қаласында құрылыс саласы қарқынды түрде дамып келеді. Осыған орай құрылыстың заң талаптарын сақтай отырып, белгіленген стандарттарға сәйкес жүргізілуін қадағалаудың маңызы зор.

Биыл қаңтар мен сәуір айларында Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталатындығы туралы 489 хабарлама келіп түсіп, арнайы реестрде тіркелген.

Оның ішінде бюджеттік қаражат есебінен салынып жатқан 41 нысан, ал, жеке қаражатқа салынатын 448 нысан туралы хабарламалар бар.

Басқарма тарапынан биыл жалпы 61 құрылыс объектісі бойынша 142 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, басқарма тарапынан лицензиялау және аттестаттау саласы бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, 2025 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында құрылыс саласында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзегі асыру үшін 61 сарапшыға аттестат берілген.

Одан бөлек, аталған басқармамен қаладағы лифтілердің техникалық талаптарға сай болуын қадағалау және оларды жаңарту бойынша жұмысты үйлестіру жұмыстары да жүргізілуде.

Қаладағы жалпы лифтілер саны – 1249. Оның ішінде тұрғын үйлерде орнатылған лифттер саны – 950, денсаулық сақтау мекемелерінде – 59, ал, білім беру мекемелерінде 56 лифт бар. Сонымен қатар қоғамдық орындарда, сауда орталықтарында және қонақ үйлерде 184 лифт жұмыс істеп тұр.

ҚР Үкіметімен 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысымен бекітілген «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Концепциясының негізінде жергілікті бюджеттен қайтарымды қаражат есебінен ағымдағы жылы 28 лифтіні ауыстыру жоспарланып, тиісті қаражат қарастырылды. Осы жұмыстардың аясында 24 лифт ауыстырылып, пайдалануға берілсе, қалған 4 лифт бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жалпы, бұл бағытта 2025 жылы 12 лифт, ал, 2026 жылы 23 лифтті ауыстыру жоспарлануда.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар