ҰЛТТЫҚ ЖОБА: КӘСІПКЕРЛІК АРҚЫЛЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ЖАҚСАРТУ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаларға трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында түрлі бағытта жобалар кешені әзірленді. Соның бірі – Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы.

Аталған жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге, жаңа нишаларды қалыптастыруға, сонымен қоса бәсекелестікті дамытуға бағытталып отыр.

Ұлттық жоба 10 міндетті көздейді. Оның үшеуі халықты жұмыспен қамту үшін жәрдемдесуге бағытталған. Нақтырақ айтсақ, басты мақсат – азаматтардың өз ісін ашып, дамытуына жағдай жасау, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қарай дағдыларды дамыту болып отыр.

Ұлттық жобаның 1-ші бағыты кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға бағытталған, оның ішінде ауылда да іс-шаралар кешенін көздейді. Ол өз ісін ашу үшін жағдай жасау, кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне, оның ішінде субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы дағдыларды дамыту жөніндегі шараларды қамтиды.

Түркістан облысында 2025 жылы «Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы» аясында 130 769 жұмыс орнын (83 554 тұрақты, 47 215 уақытша жұмыс орындары) ашу жоспарланса, оның ішінде «Еңбек» бағытымен – 57 221 және ұлттық жоба бойынша 4 074 жұмыс орнын ашу көзделген. Оның ішінде 22 595 адамды «10 мың адамға – 100 жаңа жұмыс орнын құру» жобасы арқылы, 45086 адамды субсидияланатын жұмыс орындарына жолдау, 1793 азаматты мемлекеттік грант қаражатымен қамту көзделуде.

2025 жылдың 1 сәуіріне дейін «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» арқылы 37 200 жұмыс орны ашылды (жоспар – 36 615 адам). Оның ішінде 7883 адам бос жұмыс орындарына жолданып, тоқсандық жоспардың 68,9% орындалды (жоспар 11 444 адам).

Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға – 100 жаңа жұмыс орнын құру» тапсырмасына сәйкес 972 жұмыс орны құрылды. 2025 жылы 14 233 азаматты уақытша субсидияланатын жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, 15724-і жолданды.

Субсидияланатын жұмыс орындарына жолданған 15724 азаматтың 713-і білім саласына, 5425-і өнеркәсіп, 277-сі денсаулық сақтау, 7 900-ы қызмет көрсету, 1089-ы ауыл шаруашылығы және 320-сы басқа да салалар бойынша жолданған.

Бүгінгі күнге ақылы қоғамдық жұмыстарға 12 649 адам жолданып, оның ішінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аудан, қала әкімдерінің ұсынысымен тазалық, абаттандыру жұмыстарын жүргізетін мекемелерге 5614 азамат жолданды. Тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан 7883 азаматтың 3950-і – мемлекеттік, 3933-і жекеменшік мекемелерге жолданған.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы  арқылы азаматтардың бизнес-бастамаларын қолдаудың мемлекеттік шаралар кешені шеңберінде іске асырылатын жобалардың бірі – «Бастау Бизнес» жобасы.

«Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту» онлайн курсына   жұмыссыздар,  ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер, зейнеткерлік жасқа жетпей жұмыстан қысқартылатын қызметкерлер қатыса алады. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар мен  табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооперативтердің мүшелерінің де осы курсқа қатысуына мүмкіндіктері бар.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификатқа ие болғандар 3 жыл ішінде мемлекеттік қайтарымсыз грант конкурстарына қатысып, жеке кәсіптерін аша алады.

2024 жылы Түркістан облысында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 1793 адамға қайтарымсыз грант берілді. Комиссия отырысында бизнес-жобалардың өміршеңдігіне, бәсекеге қабілеттілігіне және үміткердің кәсібилігіне өкілдер тарапынан баса назар аударылды. Нәтижесінде өндіріс,  ауыл шаруашылығы , қызмет көрсету, тамақ өндірісі,  құрылыс заттарын өндіруге бағытталған жобалар комиссия тарапынан қолдау тапты.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар