Әлеуметтік әмиян жобасы қашан іске асады: жәрдемақы қалай беріледі?
2025 жылдан бастап көмекке мұқтаж азаматтардың барлығы жәрдемақыны әлеуметтік әмиянмен алуы қажет.
Цифрлық әмиян банк картасына балама болады.
Ал негізгі артықшылығы сол, әмиянға түскен ақшаны банктер, коллекторлар немесе салық органдары бұғаттай алмайды.
Әлеуметтік әмиян мемлекеттік көмек тағайындалғанда автоматты түрде әрбір адамның жеке сәйкестендіру нөмірі негізінде ашылады.