«Әскери баспана» бағдарламасына тұрғын үй төлемдерін алып тұратын, Отбасы банкінде арнайы ағымдағы шоты бар және бұған дейін тұрғын үй төлемдерін жылжымайтын мүлік сатып алу үшін пайдаланбаған кез келген әскери қызметші қатыса алады.
Бағдарлама бойынша несие алу шарттары өзгерген жоқ. Ең төменгі қажетті жинақ сомасы 15% тең.
Негізгі шарттары:
Кредит беру мөлшерлемесі – 8%, кейін 3,5%-ке төмендейді;
Бастапқы жарна – баспана құнының 15% — 50%;
Несие мерзімі – 25 жылға дейін.
Пайдалану мақсаты – алғашқы/екінші нарықтағы тұрғын үйді, оның ішінде үлестік келісім шарты бойынша сатып алу және жөндеу. Меншікте тұрғын үйдің болуына ешқандай шектеулер жоқ. Несиенің ең жоғарғы сомасы клиенттің таңдауы бойынша, екі нұсқаға сай есептелуі мүмкін: ай сайынғы тұрғын үй төлемдерінің және депозит бойынша жинақтың сомасына байланысты.
«Әскери баспана» бағдарламасы банкте төртінші жыл жүзеге асырылып келеді.