26/11/2024

Әскери борышын өтегендер оқуға жеңілдікпен түсе алады

ҚР Қарулы күштерінің құралымдары қатарында мерзімді әскери қызметтін өткерген азаматтар жоғары оқу орындарына жеңілдікпен түсе алады. ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева мерзімді әскери қызметін өткерген жастарға ЖОО-ға жеңілдетілген тәртіппен түсуі үшін қандай құжаттар тапсыруы керек екенін айтты.

Министрдің кеңесшісінің түсіндіруінше, бұл жеңілдіктерді пайдалану үшін жастар жоғары оқу орындарына құжат тапсыру барысында әскери қызметті өткергені туралы анықтаманы ұсыну тиіс. Бұл құжат халыққа қызмет көрсету орталығында беріледі.

Олар өздері таңдаған оқу орнына әскери билет пен жеке куәліктің, білімі туралы құжаттың көшірмесін, 086 анықтамасын тапсыруы тиіс.

Бұдан бұрын әскери қызмет аяқталғаннан кейін ҰБТ-ны ескерместен екі жыл ішінде ақылы негізде ЖОО-ға оқуға түсу мүмкіндігі бар екендігі айтылған. Сонымен қатар,  жауынгерлік даярлықта, жүктелген міндеттерді орындауда жоғары нәтижелерге қол жеткізген және үлгілі әскери тәртібімен ерекшеленген әскери қызметшілерге ҰБТ тапсырмай-ақ, ЖОО есебінен оқу құқығы беріледі.

Бұдан өзге, оқу орнының әскери кафедрасында емтихансыз тегін оқуға болады. Атап айтқанда, мерзімді әскери қызметін өтеп шыққандар қатардағы жауынгер болады. Ал егер офицер шенін алғысы келсе, олар әскери кафедрада білім алып, лейтенант атанады

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар