26/11/2024

ӨТКЕН АПТАДА ҚЫРЫҚҚАБАТ ҚЫМБАТТАДЫ

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен апта сайын өтетін сенбілік кеңесте өңірлердің негізгі азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру жөніндегі жұмысы қорытындыланды.

СИМ Сауда комитетінің мәліметінше, өткен аптада қант (0,6%), қарақұмық (0,4%), тауық еті (0,3%), сүт (0,2%), пияз (0,1%) бағасының төмендеуі байқалады. Сәбіз бен күнбағыс майының бағасы тұрақты болды. Өсім қырыққабат (1,1%), күріш (0,9% ), айранға (0,6%) тіркелді.

Сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабеков атап өткендей, көкөністер, атап айтқанда, қырыққабат бағасы өсуінің негізгі себебі нарыққа өнім шығарудың жеткіліксіздігі болып табылады. Мысалы, Түркістан өңірінде қырыққабаттың құны 3% қажеттілік көлемінен 3,8%-ға өсті. Бұл ретте қырыққабаттың ең көп көлемі Батыс Қазақстан (100%), Атырау (34%), Қарағанды (26%) облыстарында сатылды және мұнда бір апта ішінде баға өспеген.

«Жүргізілген түгендеу қорытындысы бойынша көптеген өңірлерде көкөністердің расталған қорларының жетіспеушілігін көріп отырмыз, — деп атап өтті Айдар Әбілдабеков. — Қазір нарықты біркелкі толтыру үшін өңірлер арасында көлемді бөлуді пысықтап жатырмыз».

Сондай-ақ, әкімдіктерге күн жылына бастаса жәрмеңке маусымын ашу ұсынылды.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар