26/11/2024

«Elorda Jastary» тұрғын үй бағдарламасы

«Отбасы банкінде» болашағын мемлекетіміздің астанасымен байланыстырғысы келетін жастарға арналған бір бағдарлама бар. Ол –  «Elorda Jastary» тұрғын үй бағдарламасы.
Оған медицина, педагогика, мәдениет, әлеуметтік сала, коммуналдық кәсіпорындар, полиция, төтенше жағдай қызметі, журналистер, жаттықтырушылар мен спортшылар қатыса алады.
Бағдарлама қатысушысы «Отбасы банктің» салымшысы болуға тиіс. Ал, есепшотында кем дегенде 1,8 миллион теңге болуы керек. 35 жасқа дейінгі (35 жасты қоса алғанда) азаматтардың құжаттары қабылданады.
Бағдарламаның негізгі шарттары:
Қарыз сомасы 18 млн. теңгеге дейін;
Жылдық мөлшерлемесі – 5% ;
Бастапқы жарна – 10%;
Несиелеу мерзімі – 25 жылға дейін.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар