26/11/2024

45 860 ТҰРҒЫН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ШАРАЛАРЫНА ТАРТЫЛДЫ

Шымкент қаласында 2024 жылы 56 962 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру көзделіп, 10 айдың қорытындысымен оған 45 860 адам (80,5%) қатысты.

Бүгінде жұмыспен қамту саласында жүзеге асырылып отырған мемлекеттік бағдарламалар да оң нәтижесін беруде. Биыл жоспар бойынша 30 207 жұмыспен қамту шараларына тарту мақсаты қойылып, оған 26 940 тұрғын қатысты.

Тарқатып айтқанда 3 741 адамның кәсіпкерлігін қолдау, 6 898 адамға субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама беріліп, 12 982 адамды бос жұмыс орындарына орналасты және 3 319 адамға кәсіптік оқытуға жолдама берілді.

Сондай-ақ, 26 482 адамды Шымкент қаласында жүзеге асырылып жатқан концепциялар мен қаланың даму жоспары бойынша жүзеге асырылып отырған нысандарға жұмысқа орналастыру жоспары бекілсе, есепті кезеңде нақты 18 920 адам жұмысқа жолданған.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар