50 ЖАСТАН КЕЙІН ЖАСАРТАТЫН БЕТ МАСКАЛАРЫ

Жылдар өткен сайын тері серпімділігін жоғалтады және қоршаған ортаның әсеріне сезімтал болады. Сондықтан ол маска түрінде қосымша күтімді қажет етеді. Әрине, сіз сапалы косметикасыз және процедураларсыз бет күтімін жасай алмайсыз. Бірақ теріңізге үй жағдайында көмектесетін маскалар туралы ұмытпаңыз. Бұл мақалада біз 50 жастан асқан әйелдерге арналған жасартатын бет маскалары туралы айтамыз.

  ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАСАЛАТЫН  ӘЖІМГЕ ҚАРСЫ МАСКАЛАР

 ЖҰМЫРТҚА МАСКАCЫ. Жұмыртқаның ағы коллаген мен В дәруменіне бай, сонымен қатар бактерияға қарсы әсері бар. Оған негізделген маскалар бет терісінің созылмалдығы мен серпімділігін қалпына келтіруге, майлы жылтырды кетіруге, пигментті дақтарды ағартуға көмектеседі.

Жұмыртқаны шикі түрде қолдануға болады. Ағын сарысынан бөліп, бөлек ыдыста шайқау керек. Алынған көбікті көз айналасындағы аймаққа тигізбей, бірнеше қабат етіп бетке біркелкі жағады. Бұл маска тез кебеді және теріні сәл қатайтады, сондықтан ауырсынуды болдырмау үшін процедура кезінде сөйлемеу керек. 15-20 минуттан кейін масканы салқын сумен жуып тастайды.

Мұндай маскалардың әсерін күшейту үшін ақуыз көбігіне қияр ботқасын немесе мына 3 азықтың бірін қосуға болады:

* суық сығымдалған өсімдік майы;

* бөлме температурасындағы сұйық бал;

* лимон шырыны.

Жұмыртқаның сарысын да  үй жағдайындағы процедураларда да  кеңінен қолданылады. Ол бетті жылтыратып,  теріні жұмсартады және әжімдерді азайтады. Мұны істеу үшін жұмыртқаның сарысына бір ас қасық  глицерин, май немесе бал, кейде банан пюресін қосады. Қоспа қабаттап жағылады және 15 минуттан кейін жуылады.

 ТЕРІНІ ТАРТАТЫН МАСКАЛАР. Крахмал қосылған  маскалар – 50 жастан кейін бет терісін жасартудың ең тиімді әдістерінің бірі. Олар тіпті ботоксқа балама деп аталады, өйткені дәрумендер мен минералдардың арқасында бірнеше рет қолданғаннан кейін айтарлықтай нәтиже береді. Сонымен қатар, крахмал теріні жұмсартуға көмектеседі.

Крахмал маскаларының негізін келесідей дайындауға болады:

  • 1 стақан суық суға бір ас қасық крахмалды араластырыңыз;

* қоспаны табаға немесе кастрюльге құйып, отқа қойыңыз;

* тағы жарты кесе су құйыңыз;

* сұйықтық қоюланғанша қыздырыңыз, бірақ қайнап кетпесін;

* оттан алыңыз және салқындатыңыз.

Масса бетке қолдануға дайын, оны 15 минутқа қалдыру жеткілікті. Әжімдерді одан әрі тегістеу үшін 1 ас қасық маскаға бір жұмыртқаның ақуызы мен 1 ас қасық айран қосуға болады.

Жұмсақ лифтинг әсері бар ылғалдандыратын масканы картоптан жасау оңай. Ол үшін қайнатылған картопты ұсақтап, 1 қасық пюреге бір қасық сүт пен аздап глицерин араластыру керек. Мұндай қоспаны қабаққа, сондай-ақ мойын аймағына қалың етіп қабаттап жағуға болады.

Мұндай маска көздің айналасындағы мимикалық әжімдермен күресуге көмектеседі:

* 1 ас қасық крахмал;

* 4 ас қасық сәбіз шырыны;

* 1 ас қасық қаймақ немесе майлы сүт.

 АВОКАДО ҚОСЫЛҒАН НӘРЛЕНДІРЕТІН МАСКАЛАР. Авокадо құрамында көптеген пайдалы өсімдік майлары бар, соның арқасында ол құрғақ теріні жақсы нәрлендіреді  және қорғайды, оның қалпына келуін тездетеді.

Авокадоны  пюре сияқты еземіз.  Қалған ингредиенттер қалауыңыз бойынша қосылады. Оған 1 шай қасық йогурт мен бірнеше тамшы зәйтүн майы қосылған  маска. Мұндай маска бет терісін жаңартып, жылтыратады.

Авокадо пюресіне 1 қасық бал мен лимон шырынын араластыруға болады. Мұндай маска теріні ылғалдандырады және нәрлендіреді, қара дақтарды ағартады.

 СҰЛЫДАН ЖАСАЛҒАН ТАЗАРТАТЫН МАСКА. Сұлы сөлі мен майы косметика өндірісінде кең қолданылады. Олар дәрумендерге, май қышқылдарына, антиоксиданттарға және микроэлементтерге бай, теріні қалпына келтіреді және қорғайды, нәрлендіреді.

Үй жағдайында  әдетте сұлы немесе сұлы ұны қолданылады. Маскалар құрамында олар пилинг әсерін береді, бет терісін жұмсартады.

1 ас қасық сұлы ұнына 1 шай қасық бал қосыңыз. Оған 1 шай қасық қаймақ немесе сүтпен араластыруға болады. Сонда ол терінің ескі қабаттарын жақсы алып түседі. Қоспаны 15 минут бойы қабаттап жаға беріңіз, содан кейін майлықпен ақырын сүртіп, жылы сумен жуыңыз.

 ЖЕМІСТЕР МЕН КӨКӨНІСТЕРДЕН  ЖАСАРТАТЫН МАСКАЛАР. Жеміс шырындарында терінің жаңаруына ықпал ететін қышқылдар бар. Олар жұмсақ пилинг ретінде әрекет етеді, қабыршақтану мен қара дақтарымен күресуге көмектеседі. Алайда, құрғақ және сезімтал терінің иелері оларды мұқият қолдануы керек: жеміс қышқылдары агрессивті болып, терінің күйін керісінше нашарлатып жіберуі мүмкін.

Жеміс маскалары ретінде алма, банан пюресі қолайлы. Апельсин немесе лимон шырынының бірнеше тамшысын ғана қосуға болады.

Көкөністерден қызанақты қосымша ылғалдандыру үшін, балғындық сезімі үшін — қиярды, серг әсері үшін — пюре зімбір тамырын пайдалана аласыз.

 ЖЕЛАТИНДІ ЛИФТИНГ-МАСКАЛАР. Құрамында желатин бар қоспалар әжімдерді тегістеуге және бет терісін тартуға көмектеседі. Міне, оларды қалай дайындау керек:

* 2-3 шай қасық желатин ұнтағын 1:6 мөлшерде суға, сүтке, шырынға немесе шөптердің тұнбасына қосыңыз;

* араластыра отырып, толығымен ерігенше отта бірнеше минут қыздырыңыз;

* өсімдік майы немесе глицериннен бірнеше тамшы қосыңыз;

* салқындағаннан кейін бал, жеміс-жидек немесе көкөніс пюресі немесе жұмыртқаның ақуызымен араластыруға болады.

Масканы көз айналасындағы теріге тигізбей бетке біркелкі етіп жағып, 20-30 минут ұстаңыз, содан кейін жылы сумен шайыңыз. Соңынан крем жағасыз.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар