«Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуымен 9 кәсіпкерге «Түркістан әлеуметтік — кәсіпкерлік» корпорациясы АҚ тарапынан айыппұл санкцияларын өндіріп алумен қойылған негізсіз талаптар алынып тасталды» деп хабарлады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Шаттық Өтеев өзінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Жеке кәсіпкерлер өз бизнестерінде туындаған проблемалық мәселелерін оңтайлы шешу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметіне жүгініп, өтініш білдірді.
Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы, қалалық прокуратура және «Түркістан ӘКК» АҚ-ның қатысуымен кәсіпкерлердің шағымдарын бірлесіп қарау барысында кәсіпкерлерге шарттық міндеттемелерді орындау кезінде пропорционалды емес айыппұл санкциялары мен тең емес шарттық құқықтық қатынастар белгіленгені анықталды.
Нәтижесінде, «Түркістан ӘКК» АҚ-мен шарттардың талаптарын қайта қарау, медиативтік келісімдер жасасумен айыппұл санкцияларын төлеу бойынша енгізілген талаптарды кері қайтарып алу туралы шешім қабылдады.
Тоғыз кәсіпкерді толғандырған түйткілді мәселе аз уақыт ішінде оң шешімін тауып, Түркістандық бизнес өкілдерінің талап-тілегі қанағаттандырылды.
—