26/11/2024

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жаз бен күз мезгілі адамның жәндіктер мен жан-жануарлардан түрлі жұқпалы ауруларды жұқтыру фактісі көптеп орын алатын кезең. Себебі, күннің ыстығында түрлі инфекциялар қозып, шөп шабу мен бау-бақша өнімдерін жинау науқанында кене шағу ықтималдылығы артады.

Осы орайда бүгін аудан әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселесі жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Отырысқа аудан прокуроры Н.Асқанбеков, аудандық полиция бөлімі бастығы Б.Кенжебаев, ҰҚК қызметкерлері, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Н.Тултаев, аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Т.Алиев, аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы және тиісіті дербес бөлім басшылары мен аппарат қызметкерлері қатысты.

Жыл басынан бері ауданызда 28 адамды кене шағып, екеуінде Конга-Қырым геморрагиялық қызбасының күдігі болған. Сынама алу барысында жұқпалы қауіпті індет анықталмаған. Бұл жайында аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Н.Тултаев баяндады.
Сонымен қатар, басқарма басшысы аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аса қауіпті аурылардың алдын алу бойынша тексеру жұмыстарының барысын баяндап, ветеренария саласындағы біршама кемшілікті ортаға салды.
Аталған кемшіліктердің барлығы хаттамаға алынып, аудан әкімі тарапынан жою мақсатында тиісті мекеме басшысына нақты тапсырмалар жүктелді.

Бұдан бөлек отырыстың күн тәртібінде Мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтару бойынша өзекті мәселелер қаралып, бұл бағыттағы жұмысты жандандыру бойынша ұсыныстар хаттамаға енгізілді.
Аудан басшысы әр мәселенің бақылауда болатындығын жеткізіп, тиісті орынбасарына орындалуын назарда ұстауын тапсырды.

 

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар