26/11/2024

50/50: ол қандай бағдарлама?

Әкімдік кезегінде немесе белгілі бір санатта жоқ, сонымен қатар ауылда тұратын, қалада тіркеуде жоқ азаматтарға баспана алу қиындау. Оларға «ОТБАСЫ банктен»  төмендеу пайызбен баспаналы болудың бір жолы — 50/50 ипотекалық бағдарламасы.

Бағдарлама шарты:

50/50 (көзделген соманың жартысын жинау қажет);

3,5 — 8,5 пайыз аралығындағы жылдық мөлшерлеме;

Қарыз бойынша:

Пәтер немесе жер үй сатып алуға;

Тұрғын үйге жөндеу жүргізуге;

Жер телімін сатып алуға;

Басқа банктен бұрын алынған ипотекалық несиені қайта қаржыландыруға болады.

Нарықтан үй алу бойынша 50/50 бағдарламасы көп банкте бар. Айталық, Отбасы банкінде пәтер ақысының жартысын жинап, ең төменгі 5 пайызбен табысын растамай, ипотека алуға болады. Бірақ ол үшін бірнеше талапқа сай болу қажет:

1) Отбасы банкінде міндетті түрде депозит болуы шарт.

2) үш жылда ақшаның 50 пайызын жинап, бағалау көрсеткіші 16-ға толуы керек.

Ол үшін үш жыл бойы ай сайын белгілі бір мөлшерде ақша салып отыру қажет.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар