Әкімдік кезегінде немесе белгілі бір санатта жоқ, сонымен қатар ауылда тұратын, қалада тіркеуде жоқ әйелдерде «Отбасы банкінен» «Ұмай» бағдарламасы арқылы баспана алуға мүмкіндік бар.
«Ұмай» ипотекасы
«Ұмай» ипотекалық бағдарламасы тек әйелдерге арналған. Онымен 30 миллион теңгеге дейін несие алуға болады. Негізгі шарттары:
Несие мөлшерлемесі — 13,5% (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі 14,5%-тен бастап), кейін 5%-ке дейін (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі — 5,2%-тен бастап) төмендетіледі;
Қарыз алу мерзімі — 6 ай — 25 жыл аралығы.
Тұрғын үй таңдау жағынан шектеу жоқ. Бірақ қарыз алушының ай сайынғы отбасылық табысы 550 000 теңгеден аспауы керек. Ал отбасының ортақ кірісі айына 550 001 теңгеден 630 000 теңгеге дейінгі аралықта болса, тұрғын үй 20 проценттік алғашқы жарнамен беріледі. Сондай-ақ, осы бағдарлама бойынша баспананы жөндеу жұмыстарына да 3,7 миллион теңгеге дейінгі қарыз алу мүмкіндігі қарастырылған.