26/11/2024

ТҮРКІСТАН: ШАЛҒАЙДАҒЫ АУЫЛДАРҒА ИНТЕРНЕТ ОРНАТЫЛДЫ

«Цифрландыру саласы елімізде жүзеге асырылып жатқан басты стратегиялық жоспар саналады. Сондықтан да Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында цифрландыру ісі елде тұрған басты мақсат екенін қадап айтқан еді. Осы орайда Үкімет те Мемлекет басшысының бұл тапсырмасын орындауға білек сыбана кірісті» деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Narkesken.kz.
Түркістан облысының Цифрланландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен отандық танымал Kcell компаниясының арасында түзілген меморандум аясында Сарыағаш, Созақ, Сайрам, Сауран, Қазығұрт аудандарындағы шалғай орналасқан елді мекендерге базалық станция орнатылды. Нәтижесінде ауыл тұрғындары сапалы, жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізді. Жоғарыда аталған аудандардағы елді мекендер тізімі: Қызылдала, Еңбекшідихан, Қожақорған, Еңбекші, Ақбұлақ, Зортобе және Теке. Бұл ауыл тұрғындары енді жылдам интернеттің игілігін көре алады.
Narkesken.kz.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар