26/11/2024

ТҮЛКІБАС: ЖЕР ТЕЛІМІ БӨЛІНІП, ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Түлкібас ауданында тұрғын-үй соғуға жер телімін бөлу түйінін шешу мақсатында алдағы жылы ауқымды жұмыстар бастау алмақ. Мәселен, екі кезеңмен елді мекендердің шегінен тұрғын үй соғуға қажетті инфрақұрылым жүргізу жұмыстар іске асады. Бұл мәселе аудан әкімі Нұрлан Байғұттың төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды.
І кезеңде жалпы 4 елді мекенде 569 жер теліміне қажетті инфрақұрылым тарту жұмыстары жоспарланып отыр. Аталған жұмыстар келесі жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. ІІ кезеңмен Ақбиік, Жабағылы, аудан орталығына қарасты «Нұршуақ» мөлтек ауданынан және Керейт ауылының шегінен инфрақұрылым жүргізу жұмыстары жоспарға енгізіліп отыр.
Іске асатын жобалардың құжаттары тиісті облыстық салалық басқармаға ұсынылған. Қолдау тауып, қаржы бөлінген жағдайда алдағы жылы аталған елді мекендерде жер кезегіндегі азаматтардың өтінішін қанағаттандыру мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылмақ.

Narkesken.kz

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар