26/11/2024

Табысы өскен борышкер ипотека шартынан қосалқы займшыны қалай шығара алады

«Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова «Ашық диалог» порталында табысы өскен борышкер ипотека шартынан қосалқы займшыны қалай шығара алатынын түсіндірді.

«Банктің ішкі ережелеріне сәйкес қосалқы займшыны шарттан алып тастай аласыз. Қарыз алушының қарызға дербес қызмет көрсету мүмкіндігі болған кезде қосалқы займшыны алып тастауға жол беріледі.

Қосалқы займшыны шарттан алып тастау үшін оң өтеу тәртібі фактісі және сақтандыру шартының өзектілігі тексеріледі. Қарыз алушының, қосалқы займшының төлем қабілеттілігіне талдау жүргізіледі (тағы біреуі болған жағдайда). Қарыз алушының, қосалқы қарыз алушының төлем қабілеттілігін талдау (тағы біреуі болған кезде) кірістер мен шығыстар жөніндегі құжаттардың, Бірінші кредиттік бюроның есебінің деректері (БКБ-дан кредиттік тарих туралы анықтама) негізінде жүргізіледі. Табыстар жөніндегі құжат ретінде жалақы туралы анықтама және өтініш берген кездегі соңғы қатарынан 7-13 айдан кем емес кезең үшін зейнетақы аударымдары туралы үзінді қабылданады. Қарыз алушының төлем қабілеттілігін есептеу банк бөлімшесінде жүзеге асырылады. Қосалқы займшыны шарттан шығару туралы өтінішті қарау күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүзеге асырылады», — делінген жауапта.

Оның айтуына қарағанда, қосалқы қарыз алушыны алып тастағаны үшін комиссия берешек қалдығының 1% мөлшерінде алынады.

Қосалқы қарыз алушыны шығару туралы өтініш жұмыс күндері сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін Банк филиалының посткредиттік бөлімінде қабылданады. Ол үшін мына құжаттар керек:

1. қарыз алушының және қарыз алушының жұбайының (зайыбының) жеке басын куәландыратын құжат;

2. некеге тұру/бұзу туралы куәлік (бар болса);

3. куәлік/қайтыс болу туралы куәлік (бар болса)

4. балалардың туу туралы куәлігі (бар болса);

5. жұмыс орнынан барлық ұстап қалулар көрсетілген, табыс көзін анықтайтын жалақы туралы анықтама (соңғы 7-13 ай үшін)

6. EGOV-тан қарыз алушы мен жұбайының (зайыбының) зейнетақы аударымдары туралы соңғы 6 немесе 12 айдағы үзінді-көшірме.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар