26/11/2024

Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейту мәселесі пысықталуда

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Шымкентке жұмыс сапары барысында өңірлік сауда-логистикалық хаб жобасымен, сонымен қатар бірқатар ірі өндірістік нысандардың жұмысымен танысты, — деп хабарлайды primeminister.kz.

Үкімет басшысы заманауи үлгіде қызмет көрсететін көп функционалды сауда-логистикалық орталық, дүниежүзілік стандарттарға сәйкес барлық кластағы қоймаларды аралады. Әлихан Смайылов сауда-логистикалық орталықты дамыту, оның аумағын 136 гектарға ұлғайту туралы шешім қабылданғанын атап өтті. Бұл өз кезегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға айтарлықтай үлес қосады.

«Орталықтың кеңеюі Шымкенттің Орталық Азия елдері арасында көліктік-логистикалық хабқа айналуына мүмкіндік береді. Бұл жалпы ел экономикасының дамуына оң әсер етеді», — деді Әлихан Смайылов.

Narkesken.kz

 

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар