26/11/2024

ТҮРКІСТАН: ӨНІМІ ҮСІП КЕТКЕН ЖЫЛЫЖАЙ ИЕЛЕРІНЕ ЖЕҢІЛДІКПЕН НЕСИЕ БЕРІЛУІ МҮМКІН

Облыстағы жылыжайлардың 94%-ы фермерлік қолдан жасалған жеңіл конструкциялы. Сондықтан, жыл басында ауа райы күрт суытып, 167 тауар өндірушінің 37 гектар жылыжайлары қар салмағын көтере алмай жарамсыз күйге түсті. Сонымен қатар 9 гектарды құрайтын 3 өнеркәсіптік жылыжайдың өнімдерін үсік шалды.
Өңірде 1500 гектардан астам жылыжай бар. Осыған орай, мемлекет тарапынан жылыжай тауарын өндірушілердің қаржы ұйымдары алдындағы берешектерінің (несие қаржы) өтеу мерзімдерін ұзарту мүмкіндігі қарастырылуда. 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беру жұмысы да зерделенеді.
Ауыл шаруашылығы басқармасы тарапынан жылыжай шаруашылықтарын қолдау шаралары бойынша министрлікке ұсыныстар жолданды. Оның ішінде жылыжай кешендерінде пайдаланылған энергия көздерінің (электр энергиясы, газ) 50%-ын субсидиялау, жылыжайларға қажетті әлеуметтік көмір отынын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ арқылы мерзімінде тікелей жеткізу жолдарын қарастыру көзделіп отыр.
Көмірмен жылытылатын 591,0 гектар (1058 агроқұрылым) жылыжайларға қыс маусымына 200,8 мың тонна көмір отыны қажеттілігі анықталды. «Қазақстан темір жолы» АҚ-ы арқылы 186,7 мың тонна көмір облысқа жеткізілді.

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар