20 ақпанда business.enbek.kz порталында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға өтінім қабылдау басталады. Мемлекеттік грант сомасы – 1 млн 380 мың теңге. Ел бойынша бірінші ағында (20.02.2023-03.03.2023 аралығында) 2577 грант беру жоспарланып отыр.
Қайтарымсыз қаржы алуға кімдер үміткер бола алады?
– тіркелген жұмыссыздар;
– жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі 3 жылға дейін).
Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болуы керек:
— Мүгедектігі бар адамдар;
— Қандас мәртебесін алғандар;
— Қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері;
— Аз қамтылған отбасылардың мүшелері;
— Көпбалалы отбасының мүшесі (жұбайы, зайыбы);
— Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғандар (жұбайы,зайыбы);
— Асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алатындар.
Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаты болуы тиіс.