Мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалдамалы баспанамен қамтылған азаматтарға жалдау шартының талаптарына сәйкес ай сайынғы төлемді ешқайда бармай-ақ Каспи қосымшасы арқылы төлеуге мүмкіндік туып отыр.
Ол үшін Каспи қосымшасының мемлекеттік қызметтер бөліміндегі «Салықтар», оның ішінде «Жеке тұлғалар үшін деректемелер бойынша салықты» таңдау арқылы тұрғылықты қалаңызды, төлем түрін БЖБ (КБК) 201507, тұрғылықты мекенжайыңызды, төленетін айлық кезеңді, аты-жөніңізді және төленетін соманы енгізіп, көрсетілген қатарларды толтыра отырып соңында «ТӨЛЕУ» батырмасын басасыз.
Жалдамалы баспананың ай сайынғы төлемақысын бұдан бөлек Қазпошта немесе екінші деңгейлі банктер арқылы төлеу мүмкіндігі де қарастырылған.
Narkesken.kz