26/11/2024

ЖАЗДЫҚ АЯҚ КИІМ ТІГУДІ ҚОЛҒА АЛДЫ

Төлеби ауданының Көксәйек ауылында тұратын  Балжан Мәдиқызы жаздық аяқ киім тігуді қолға алып отыр. Ол кәсібін бастау үшін 1 225 200 теңге мөлшерінде мемлекеттік грант алды.  Балжан 2022 жылы жұмыссыз ретінде Төлеби ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына тіркелген.
“Бастау Бизнес” кәсіпкерлік негіздері бойынша онлайн курста оқып, сертификат алып, өзінің «Аяқ киім тігу» жобасын дайындады.  29 жасқа дейінгі жастар санаты бойынша өтініш беріп, бизнес-жобасын сәтті қорғап, мемлекеттік грантқа ие болды. Жас кәсіпкер  қазір жаздық сүйретпе тігуге арналған қажетті құрал-жабдықтарын сатып алып, кәсібін бастап кетті.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы грант қаражаттары бұрын мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде грант алмаған жандарға беріледі. Оның ішінде жастар, көпбалалы және табысы аз отбасылардың мүшелері, еңбек етуге қабілетті мүгедектер, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар мемлекеттік гранттар алуға үміткер бола алады. Грантқа белгіленген санаттағы адамдар халықты жұмыспен қамту орталықтарына өтінім беріп, үміткерлердің өтініштері комиссияда қаралып, оның шешімі негізінде бөлінеді.
Narkesken.kz

Оқи отырыңыз

Соңғы жаңалықтар