Шымкентте өткен жылы бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін 452 азаматқа қайтарымсыз грант берілген. Олардың қатарында – мүгедектігі бар азаматтар, аз қамтылған және көпбалалы отбасы мүшесі, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар бар.
Аталған қайтарымсыз грант арқылы кәсіп бастаған кәсіпкерлер «Көрме» орталығында ұйымдастырылған жәрмеңкеде өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды.
Сондай ақ, жәрмеңкеге жастарға арналған 2,5 пайыздық несие алып, өз кәсібін ашқан азаматтар қатысты. 2023 жылы 263 адамға респубикалық бюджет есебінен шағын несие берілді. Биыл 273 адамға шағын несие беру жоспарлануда.
NARKESKEN.KZ