Гонконгте өткен Азия ойындарында батутта секіруден жасөсіпірімдер арасында Жақсылық Әбілмансұр қатысты. Қаршадай ғана қазақ баласы әлемнің түкпір-түкпірінен келген кіл мықтылармен бақ сынасты. Жай ғана сынасқан жоқ, жеңіс тұғырына көтерілгендер қатарынан көрінді.
Турнирде Қытай, Жапония, Өзбекстан және 10 мемлекеттен мықты спортшылар бақ сынасты. Жақсылық Әбілмансұр Шымкент қаласы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта мектептің оқушысы. Жерлесіміз батут гимнастикасынан финалдық жарыста өнер көрсетіп, ІІІ- ші орынды иеленді. Әбілмансұрды 2014 жылдан бері жоғары санатты жаттықтырушы, спорттық акробатикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Любовь Андронова жаттықтырады.
Айта кетейік, 16 жастағы спортшы 25-тен аса елден келген жарысқа қатысушылардың ішінен жеңіс тұғырына көтерілуі – әлемді елең еткізген оқиға болды. Әбілмансұр 4 жасынан бастап батут гимнастикасымен айналысады. Халықаралық спорт шебері, жасөспірімдер арасында екі дүркін әлем чемпионы.
NARKESKEN.KZ